2024 жылдың жарты жылдық есебі


2024 жылдың I жартыжылдығында Орталық келесі жұмыстарды атқарды:

   • Біліктілікті арттыру курстары: жалпы 631 дене шынықтыру пәні мұғалімі мен әдіскерлер оқытылды.

   • Ғылыми зерттеулер: 6 өңірде 1489 оқушының дене даму көрсеткіштері зерттелді, пән бойынша мәселелерге қатысты сауалнамалар талданды.

   • Әдістемелік материалдар әзірленді: жазғы лагерь нұсқаулығы, олимпиада бағалау ережелері, тесттер.

   • Ғылыми-ұйымдастырушылық іс-шаралар: кеңес отырыстары, ғылыми журнал шығарылымы, 25 жылдыққа арналған кітап дайындалуда.

   • Спорттық және мәдени іс-шаралар: қысқы және жазғы гимназиадалар, пәндік олимпиада, экскурсиялар мен бұқаралық спорттық акциялар өткізілді.