ҰҒПДТО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған семинар өтті

ҰҒПДТО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған семинар өтті


2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелеріне арналған ішкі семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру және бұл бағыттағы ортақ жауапкершілікті нығайту.

Іс-шара барысында қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа жол беретін негізгі себептер мен алғышарттарды, оларды жою жолдарын, сондай-ақ мекемеде қабылданып жатқан нақты шараларды талқылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда, кәсіпорын басшылығын дер кезінде хабардар етудің маңыздылығы атап өтілді.

Семинар барысында орталықтың 2025 жылы атқарған алдын алу жұмыстары баяндалып, келесі жылға арналған - 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары таныстырылды.

Орталықта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.


Галерея