30.03.2022 жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай — ақ РМҚК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы Сейтжан Мелдебекұлы Қойбақовтың қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"тақырыбында семинар өткізілді.
Тыңдаушылардың ақылға қонымды және этикалық мінез-құлқының корпоративтік стандарттарын сақтау бойынша білім комплаенсін қалыптастыру мақсатында лектор Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстырды. Қатысушылар комплаенсті сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеудің негізгі қағидаттары мен процестері, комплаенс бағдарламаларын ұйымдастыру мен әзірлеудегі мүдделер қақтығысын басқару, сондай-ақ ұйымның ішкі процестерін жетілдіру және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жақсарту құралы ретінде сенім телефонының жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпарат алды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.