24 ақпан күні Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының «Binom School» мектебінің ұстаздарымен кездесуі ұйымдастырылып, «Тоғызқұмалақ» ойынының ережесімен таныстыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Binom School» басқарушы компаниясының директоры Кадырова Шолпан Маратқызы, ҰҒПДТО., Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі зертханасының мамандары Мақсат Есенбекұлы Шотай және Бисембаева Айгүл Сейітмұратқызы қатысты.