Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар тең мүмкіндіктер фестивалінде бас қосады


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

4–7 қараша аралығында Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалі өтеді. Бұл – спорт, достық және өзара қолдау арқылы балаларды біріктіретін бірегей шара.

Фестивальге еліміздің барлық өңірінен 671 оқушы қатысады, олардың ішінде 153 бала ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар. Жас спортшылар бочча, көңілді старттар және жеңіл атлетика түрлері бойынша өз шеберліктерін байқатады.

Шараның басты мақсаты – спорттың бәріне қолжетімді екенін көрсету, әр баланың өз қабілетіне сенуіне мүмкіндік беру. Мұнда «ерекше» немесе «қалыпты» деген ұғым жоқ – тек бір команда, өзара қолдау және ортақ мақсат бар.

«Тең мүмкіндіктер» фестивалі балалардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, сенімділігін арттыруға, достық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, жоба инклюзивті ойлау мәдениетін, салауатты өмір салты мен төзімділік құндылықтарын насихаттайды.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, «Қазақстан–2050» стратегиясын және 2023–2029 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіледі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары-ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК, «AMANAT» партиясы, Қазақстан бочча федерациясымен«Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры.

«Тең мүмкіндіктер» – бұл жай ғана спорттық жарыс емес. Бұл – бірлік пен мейірімнің, өзара сенім мен қолдаудың мерекесі, мұнда әр баланың жеңісі ортақ қуанышқа айналады.


БАҚ-пен байланыс: РМҚК «Ұлттық ғылыми-практикалық денетәрбиесіорталығы» баспасөз қызметі
Гүлден Байзақова – +7 701 196 87 86
Аружан Құттымұратқызы – +7 707 451 44 88.